2589
Ақтауда катамараннан суға секірген 24 жастағы жігіт көз жұмды
Ақтауда катамараннан суға секірген 24 жастағы жігіт көз жұмды
Кендірлі демалыс базасында катамараннан теңізге секірген жігіт суға батып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының ТЖД хабарлайды.
Қайғылы оқиға 30 маусымда болды.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барып, жас жігітті іздеген. Біраз уақыттан кейін олар батып кеткен жігіттің денесін тауып, жағаға шығарды.
- Бұл екі күндегі үшінші қайғылы оқиға және жыл басынан бергі алтыншы оқиға. Тағы да демалушыларға сақ болуды, қатты дауылда және тыйым салынған жерлерде шомылмауды, мас болып суға түспеуді және жақындарын назардан тыс қалдырмауды өтінеміз, - деді Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.