Жаңалықтар

Мас болған: Анасын ажал құштырған ақмолалық ұсталды

Ақмола облысы Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторынан 40 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Жанжал кезінде ер адам анасына қол көтергені анықталды. Қайғылы оқиға болған күні ол үйіне мас күйде барған, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет басынан ұрыпты.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің өлімі бассүйек-ми жарақаты салдарынан болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button