Жаңалықтар

«Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады». Қауіпті жазба жариялаған елорда тұрғыны ұсталды

Елордада полицейлері әлеуметтік желіде бірнеше қауіпті пост жариялаған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, 25 маусымда «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің пайдаланушысы қарумен түскен суретін жариялап, «Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады» деп жазған. Қазір жазба авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

a213278df257a7640a5099849817538a

Тұрғынның сөзінше, ол страйкболға әуес, және жазбаны оқырманының санын арттыру үшін салған.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, .

Полиция фотосуреттердегі барлық қару-жарақ страйкбол ойнауға арналған құрал екенін атап өтті.

Back to top button