1547
Токио Олимпиадасына қатысатын жеңіл атлет Франция спортшысына тұрмысқа шықты
Токио Олимпиадасына қатысатын жеңіл атлет Франция спортшысына тұрмысқа шықты
Жеңіл атлет Жанна Мамажанова француз спортшысы Марко Туриге тұрмысқа шықты. Бұл туралы Жанна Instagram парақшасында жазды.
Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионы, сондай-ақ триатлонмен де айналысады. Жанна Мамажанова жақында Токио Олимпиадасына қатысу үшін Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.