Қауіпті тренд: Жеткіншектер арасында хайп үшін ұрлық жасау жиілеген

Қауіпті тренд: Жеткіншектер арасында хайп үшін ұрлық жасау жиілеген

Қауіпті тренд: Жеткіншектер арасында хайп үшін ұрлық жасау жиілеген
ашық дереккөзі
720
Жасөспірімдер видео үшін автокөлік дөңгелегіндегі қақпақтарды ұрлап жүр. Маусымның ортасынан бастап, темір тұлпар иелері жас ұрлықшыларға қатысты шағым түсіре бастаған екен. Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлайды. Алғашында көлік иелері балаларға бұл қақпақтар не үшін қажет екенін түсінбей келген. Себебі, оны сатқаннан пайда жоқ. Алайда кейін мұндай ұрлыққа жасөспірімдер табыс үшін емес, әлеуметтік желідегі "лайк" үшін баратыны анықталды. Бұл тренд жүргізушілерге қаншалықты қауіпті екенін түсінбеген олар челленджді ары қарай жалғастыруда. Ал, полицейлер ата-аналарға балаларына бас-көз болып, оларды заңға қайшы әрекеттерге бармауы үшін тәрбиеге мән беру керек екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары