887
Вакциналау: екпе ал да, баспаналы бол
Вакциналау: екпе ал да, баспаналы бол
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында вакцина алатындарға баспана берілетінін мәлімдеді. Ол халықты ынталандыру үшін ұтыс ойындары да ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ, лотореяның ережесі де бар, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.
Біріншіден, ойынға енді ғана вакцина алатын 18 жастан асқан азамат қатыса алады. Екіншіден, ол қаладағы сауда, ойын орталықталықтарында тиісті көмекке жүгінуі керек. Қала басшысы инвесторлар қаржысына сатып алынатын екі бөлмелі үйдің иегері қашан белгілі болатынын да жазған.
Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесі жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін елордадағы ірі ойын-сауық орталықтардың бірі екпе алатындарға көлік сыйлайтынын хабарлаған еді. Ал, Алматыда шетелге жолдама ұтысқа тігілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.