Жанарбек ӘШІМЖАН: Журналистер – қоғамның қантамыры

Жанарбек ӘШІМЖАН: Журналистер – қоғамның қантамыры

Жанарбек ӘШІМЖАН: Журналистер – қоғамның қантамыры
ашық дереккөзі
50752

Қазақстан Парламенті жаңадан сай­ланғаннан кейін, сәуір айын­да «Nur Otan» партиясының жанынан 14 республикалық-қоғамдық кеңес құрыл­ған болатын. Солардың бірі – Miras рес­публикалық-қоғамдық кеңесі. Кеңес төра­ғасы – Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» пар­тиясы фрак­ция­сының мүшесі Жанарбек Әшімжан. Біз де депутатқа ар­найы хабарласып, заң шығарушы орган­ның тыныс-тіршілігі, халық қалау­лы­ларының міндеті мен жоспары жай­лы әңгімелестік. Сонымен қатар Жанарбек Садықанұлы ұлттық жур­на­лис­тиканың келбеті мен мәртебесі жө­нінде де ой өрбітті.

– Қазір Парламент Мәжі­лі­сін­де көп орынды «Nur Otan» пар­тия­сы­ның фракция мүшелері ие­леніп отырғаны белгілі. Сіз де осы партия аты­нан мандатқа ие бо­лып отырған де­путатсыз. Ха­лық­тың әл-ауқатын кө­теру, мем­ле­кеттің дамуын жедел­дету жо­лында «Nur Otan» фракция­сы­ның алға қойған жоспары, мін­деті жө­нінде әңгімелеп берсеңіз. – Жыл басынан бері жаңа құрам ман­датқа ие болып, өздеріңізге мәлім ха­лықтың сайлауалды бағдарламасына сәй­кес, 216 бағдарлама мен жоба-жоспар қа­былданды. Парламент отырысында «Nur Otan» фракция мүшелеріне өзде­рі­нің саласына индикаторлар бөлінді. Мәселен, өзіме руханият пен мәдениет сала­сы бойынша 11 индикатор тиесілі. Бюджет саласы мен құрылыс, қоршаған орта мен әлеуметтік әл-ахуал саласы бү­кіл сайлауалды бағдарламада көрсе­тіл­ген. «Nur Otan» съезінде «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес депутаттар бекітілді. Парла­мент­тегі фракция мүшелеріне ғана емес, Үкі­мет құрамындағы сала министр­лігі­нің вице-министрлері де жауапты бо­лады. Бағдарламаны жүзеге асыру жо­лында жауапты тұлғалармен өткен ап­тада ғана кездесіп, әр сала өкілдерімен орындалуы тиіс дүниелерді талқыладық. Үкімет пен комитет мүшелері қатысып, комитет төрайымы жетекшілік етті. Фракция жиынында ұсыныс-тілекті айтып, атқарылып-атқарылмаған жұ­мыс­тардың есебін кезең-кезеңімен беріп жатырмыз. Сондықтан фракцияның алдында қойылған міндеті – 2025 жылға дейін «Nur Otan» партиясының қабыл­да­ған бағдарламасын кезең-кезеңімен жү­зеге асыру. Тиісті индикатордың бар­лығын әр депутатқа жүктеу көзделіп отыр. Халықтың жанына батып жүрген екі мәселе бар: бірі – денсаулық саласы, екін­шісі – әлеуметтік сала. Осы мәсе­ле­нің шешу жолын қарастырып жатырмыз. Ел­дің талап-тілегіне облыс орталығы мен жергілікті билік қана араласып қой­май, жан-жақтағы әріптестерімізбен бір­лесіп, Үкімет мүшелері және жауапты тұл­ғалармен байланысып, жүзеге асы­рылуын, мәселенің шешілу жолын қарас­тырамыз. Осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстардың есебі назардан тыс қалған емес. Нақты жүзеге асып жатқаны мен кедергілерге тап болған мәселелерді анықтап, тиісті орындарға бағыттап оты­рамыз. 2025 жылға дейін атқары­латын бағдарламаның биылға жүктелген міндеттерін өз кезеңімен сәтті жүзеге асырылуы назарда. Алғашқы сессиямыз аяқталды. Халық алдында есеп беруге дайындалып жатырмыз. Жуықта «Nur Otan» партиясы ал­ғаш рет депутаттар қызметінің рейтингін қалыптастыру ережесін бе­кітті. Бұл рейтинг қандай крите­рийлер бойынша анықталады? Әрі мұндай талап не үшін қажет болып отыр? – Бұл – мандатқа ие болған депу­тат­тың жауапкершілігін арттыру. Кри­те­рийлеріне келетін болсақ, біздің мін­детіміз – заң жобаларымен жұмыс істеу. Депутаттық сауал дайындап, үш ай сайын тікелей эфирде атқарылған жұ­мыстар туралы есеп беруге тиіспіз. Бұл – бізге жүктелген міндет. Бұрын соңды Мәжіліс депутаттарының тәжірибесінде мұндай болмаған. «Nur Otan» фракция мүшелерінің міндеті – халыққа тікелей эфирде есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап беру. Тікелей эфир ұзақтығы бір сағатқа созылады. Ең алғашқы тікелей эфир сәтті өтті. Үш ай сайын онлайн түр­де халықпен жүздесіп отырамыз. Бұл – міндетті түрде есепке алынатын жоспар. Жоғарыда айтып кеткен депутаттық сауалдар, заң жобалары не­гізін­де әр депутат өзінің комитетіне ғана емес, халықаралық іс, экология, аг­роөнеркәсіп жұмыстарынан да хабар­дар болып отыруы керек. Бұл да депутат қызметінің рейтингіне әсер етеді. Одан кейін, дөңгелек үстел мен сайлауалды бағ­дарламада көрсетілген міндеттерді Үкі­метпен бірігіп, «Комитеттің кеңей­тіл­ген үлкен жиыны» деп аталатын ашық алаңда талқылап алуды екі-үш депутат жауапкершілігімізге алғанбыз. Бұл да рейтинг көрсеткішіне әсер етеді.
Рейтинг – депутаттың сергек жүруіне, қоғаммен тікелей байланысып, дұрыс ақпарат беруге, ашық диалогке шығуға қолайлы әдіс. Әріптестерім де осы бағыт бойынша жұмыс атқарып жатыр. Депутаттың қызметтік рейтингі сессия соңында ғана емес, әр айдың аяғында жасалады.
«Nur Otan» партиясы жанынан көп­теген қоғамдық кеңес құрылды. Бұл кеңестердің міндеті, мақсаты қан­дай? Сонымен қатар өзіңіз же­текшілік ететін Miras қоғамдық кеңе­сінің бағыты, бағдарламасы туралы айтып берсеңіз. Сосын тағы бір мәселе, осы қоғамдық кеңестер қандай да бір мәселенің шешілуіне ықпал ете ала ма? – Тікелей ықпал етеді. Өзімнің жауап­кершілігімдегі дүниені айтайын, Miras қоғамдық кеңесі – мәдениет пен руханият бағытында жүзеге асырылмай жатқан мәселені көтеретін алаң. Елімізде ұлттық идеологияны насихаттайтын, атап айтсақ, мемлекеттік тілдің деңгейі, кино өндірісі, әдебиет пен өнер, тарих пен театрға қатысты шешілмеген мәселе көп. Біздің кеңесте қаралатын тақы­рып­тың ауқымы кең болғандықтан, кеңес мүшелері де әртүрлі сала мамандары. Де­путаттар ғана емес, қоғам белсенділері мен журналистер, есімі елге белгілі тұл­ғалар, қоғам қайраткерлері мүшелікке қа­былданды. Бұл – кәдімгі үлкен тал­қылау алаңы. Бір ғана мысал айтайын, ең алғашқы басқосу қазақ киносының жай-күйіне арналды. Отандық киноиндустрияны дамыту, дубляж са­ласын жандандыру, кинолардың қазақ тілінде сөйлемеуі, киноның сапасына қатысты мәселені қозғадық. Тек депу­тат­тар ғана емес, осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандарды да шақырдық. Мә­дениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, кино саласында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді. Miras қоғамдық кеңесінің мү­шелері іріктеу кезінде, қоғам мен халық арасында жүріп, етене қарым-қатынас орнатқан тұлғаларға басымдық бердік. Смағұл Елубай бастаған белгілі азаматтар, Айгүл Кемелбаева, Айгүл Елшібаева, Нұртөре Жүсіп секілді қазақ руханиятының мәртебесін көтеруге атсалысып жүрген қайраткерлер киноға қатысты пікір білдіріп, ұсыныс айтты. Бәрін талқыға салып, бірауыздан қабыл­данған 19 ұсынысты Үкіметке жолдадық. Соңына дейін жеке қадағалайтын бо­ламыз. «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған 14 қоғамдық кеңесінің бағыты әртүрлі. Ертең Miras қоғамдық кеңесінің отырысы болады. Басқосуда еліміздің та­рихи орындары мен мәдени ес­керт­кіш­теріне ғылыми-реставрациялау жұ­мыс­тарын жүргізу талқыланады. Жошы хан ескерткішінен бастап, Маңғыс­тау­да­ғы мыңжылдық тарихы бар мәдени мұралар да қамтылады. Осы ғимарат пен объектілерге күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу үшін іс-шара жоспары жа­­салады. Отырысқа ғылыми-реставра­циялаумен айналысып жүрген мамандар, тарихшылар, сәулетшілер қатысады. Ол жақта да нақты ұсынысты талқылап, Үкіметке жібереміз. Айтылған ұсынысқа министрлік құрамы мен мемлекеттік органдар да жауапты. Кеңестегі қара­латын мәселенің бәрі партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлының назарындағы дүние болып отыр. Пре­зидент Әкімшілігінің қадағалауында бол­ғандықтан, министрлер де бұл істің әр тармағы мен бабының, талап-тіле­гінің орындалуына өздері де мүдделі. Кезекті науқаншылдық қана емес, нақты жү­зеге асатын шаруа. Ертең екіншісін өт­кіземіз. Жыл соңына дейін 5 отырыс жос­парланған. Күзде мемлекеттік тілдің мә­селесін көтереміз. Қоғамның көкейін­де тұрған үлкен мәселе. Кезекті еңбек де­малысынан келген соң, алғашқы жиы­нымыз мемлекеттік тілдің мәртебесін кө­теруге арналады. Бұл қоғамдық кеңес­тің депутаттарға Үкіметпен етене жұмыс істеуіне берілген мүмкіндігі. Осы кезеңге дейін біраз шаруа атқарылды. Miras қоғамдық кеңесі – «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы, ұлттық идеологияны наси­хаттайтын түрлі кешенді бағдар­ла­маларға мұрындық болған алаң. Жаңа тренд пен контент қалыптастырып, Үкі­метке жаңашыл бағытта ұсыныс айту­ды жалғастырамыз. Жыл бойы жүргізілген жұмыстардың есебін халық алдында қорытындылаймыз. Халық та тікелей хат жазып, ұсыныс пікірін білдіруге толық құқығы бар. Көп дүние заңға байланысты болғандықтан, заңға өз­геріс енгізу туралы пікір де айтылды. – Алда журналистердің кәсіби мере­кесі. Сіз заң шығарушы органға БАҚ-тан келген кәсіби журналиссіз. Қазіргі біздің ұлттық журна­лис­ти­каның сипаты, кәсіби дәрежесі жайлы баға берсеңіз. Парламент мінберінен ұлттық журналисти­ка­ның болашағы, әрі оның қуаты мен қоғамға ықпалы жайлы маңызды сауалдар, өзекті тақырыптар көтеру жос­парыңызда бар ма? – Көзімді тырнап ашқаннан жур­на­листиканың қазанында қайнап келемін. Қа­тардағы тілшіден бастап, бас редактор қыз­метіне дейін көтерілдім. Журналис­ти­каның жағдайы маған мәлім. Жақын­да ғана журналистердің мәселесін кө­те­ріп, Парламент қабырғасында арнайы сауал дайындап едім, белгілі себептерге бай­ланысты кешігіп жатыр. Басқа қыз­мет­керлер арасында журналистердің әлеу­меттік мәртебесін айқындау мәсе­ле­сінің көтерілгеніне біраз жыл болды. БАҚ өкілдері мәртебесі жоқ мамандық деген түсінік бар. Мұғалімдер мен дәрі­гер­лер сияқты журналистердің нақты статусы жоқ. Сондықтан қоғамның көзқарасы әртүрлі. Олардың басында мә­селе жоқ емес. Өзім де жап-жас қыз-жі­гіттермен әріптес болдым. Бәрінің ба­сында баспана жоқ. Алматының маңайын­дағы Талғар, Қаскелең секілді елді мекендерден қатынап жүрді. Қала­ның ішінде тұрса, жалдамалы пәтерде күн кешті. Жас отбасылардың екі-үштен бала-шағасы бар. Журналистердің еш­қай­сысы мемлекеттік бағдарламаға қа­тыса алмайды. Депутаттық сауал дайын­дағанда 10 мыңға жетпейтін журналист бар екенін білдім. Блогерлерді қосып тұр­ған жоқпын. Нақты қолында дип­ло­мы бар, кәсіби маман ретінде қалып­тас­қан жастар. Журналистердің баспана мәселесін шешу мемлекет бюджетіне онша салмақ болмайды. Журналистер күні қарсаңында осындай мәселе кө­теруді жоспарладым. Алдағы уақытта да осы шаруамен түбегейлі айналысуға ниеттеніп отырмын. Журналист – идео­логия саласының солдаты ғана емес, қо­ғам­ның қантамыры. Елге індет келген­де, жаудың алдыңғы шебінде жүрген ма­мандардың бірі – журналистер. Әр­түр­лі жағдайға түсіп жатса да, қазақ жур­налистерінің жанкештілігіне қайран қа­лам!. «Ұлттық журналистика» ұғы­мы­на заман талабын сай жаңа медиа, жаңа технология енгенімен, сөз өнері мен көр­кемсөзге деген құрмет бөлек. Ұлттық жур­налистиканың сипаты уақыт өзгер­ген сайын кешегі Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек, Әбіш Кекілбаевтар қалап кеткен жур­на­листикадан алыстамауы керек. Міне, біз­дің журналистканың құндылығы осында. Журналистке деген жеке көз­қа­рас пен кәсібіне деген құрмет уақыт өт­кен сайын үдей береді. Оларды мем­ле­кет деңгейінде қолдау керек. Қазір кез келген жерден қолындағы телефонымен сұқ­бат алып, видео тарататындар кө­бейіп кетті. Екінің бірі, егіздің сыңары жур­налист болған заманда, жазуға тө­сел­ген, журналистке тән қабілеті бар кә­сіби маманның бағасы жоғары. Барша әріптесімді төл мерекемен құттық­тай­мын!

– Әңгімеңізге рақмет! Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

Серіктес жаңалықтары