Жаңалықтар

Елордада эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі

Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, бүгін коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Екіншіден, барлық әкімдер адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуы тиіс.

Үшіншіден, ол барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын күшейту қажеттігін, қоғамдық орындарға келушілерде «Ашық» қосымшасымен тексеру талабын қатаң сақтау керек.

Төртіншіден, ең маңызды мәселе – халықты вакцинациялау. Барлық деңгейдегі қала, аудан, облыс әкімдіктерінің күнделікті жеке бақылауында болуы тиіс. Вакцина алып үлгермеген адамдарды тез арада вакцина алуға шақыру – ең басты басымдық», – деді Ералы Тоғжанов.

Back to top button