«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры бас бостандығынан айырылды

«Ертіс» футбол клубының директоры бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «Ертіс «футбол клубы» қоғамдық қорына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды sports.kz.

Тергеу кезінде «Ертіс» футбол клубының директоры 2019 жылы салық органына бұрмаланған мәліметтермен декларация тапсырғаны анықталды. Осылайша мемлекетке 193 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Клуб директоры 1 жылға сотталып, 3 жыл бойы қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Back to top button