630
Жол мәселесі оң шешімін тапты
Жол мәселесі оң шешімін тапты
Шымкент қаласының тұрғындары Еңбекші аудандық партия филиалына Базарқақпа тұрғын алабындағы көшеге асфальт төсеу туралы өтініш білдірген.
«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясов тұрғындардың өтінішін қарап, «Халыққа көмек» жобасы аясында көшенің жолына асфальт төсеуге ықпал жасады.
Мамыр айында барлық жұмыс аяқталып, Базарқақпа тұрғын алабы, Е.Юсупов көшесінің жолына асфальт төселді. Тұрғындардың өтініші орындалып, мәселе оң шешімін тапты.