803
Атырауда құны 24 миллион болатын есірткі сатпақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Атырауда құны 24 миллион болатын есірткі сатпақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Атырауда 24 миллион теңгенің есірткісін саудаламақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Карасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады.
Ұсталған кезде күдіктілерден синтетикалық есірткі бар зип пакеттеріне оралған 46 түйір табылды. Және олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктілер соттың санкциясымен Атырау қаласының тергеу изоляторына қамалды.