Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорда қанша ақша барын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. Министрдің сөзінше, қор жинау, күшейту жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр.
– Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі – Ұлттық қор. Оның активтері биыл 1 маусымда 27,6 трлн теңге, оның ішінде валюта портфелі – 58,5 млрд доллар болды. Айта кетейін, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті, – деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.