БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады

БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады

БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
ашық дереккөзі
609
2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары білім алып жатқандар үшін жақсы жаңалық бар. Жаңа оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының санын ұлғайтып, стипендия көлемін арттырып жатыр. 2021-2022 оқу жылында гранттардың саны 5000-ға артады. Жаңа оқу жылынан студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады, енді олар 31 мың теңгеден артық алатын болады. Ал, магистранттар мен докторанттар үшін стипендия көлемі 15%-ға жоғарылайды. Яғни, магистранттар 76 мың теңгеден артық, ал докторанттар 172 мың теңгеден астам шәкіртақы алады, делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары