"Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте - 30-35 градусқа дейін, орталықта, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында - 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте - 35-40 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.
40 градустық аптап ыстық болады - синоптиктердің болжамы

40 градустық аптап ыстық болады - синоптиктердің болжамы
Еліміздің кей аймақтарында 40 градустық аптап ыстық болады. Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ел аймақтарының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл көтеріледі.