Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін
ашық дереккөзі
431
Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. Жобаға сәйкес 2021 - 2022 оқу жылы 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында); 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында). Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, деп жазылған жоба мәтінінде.
Бұйрық жобасы 28 маусымға дейін талқыланады.

Серіктес жаңалықтары