1681
Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады
Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады
Ұлттық географиялық қоғам Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардан кейінгі бесінші жаһандық мұхит – Оңтүстік мұхитты ресми түрде жариялады, деп хабарлайды National Geographic.
[caption id="attachment_148527" align="alignnone" width="944"] National Geographic[/caption]
Бұл - Антарктиданың айналасынан 60 градус Оңтүстік ендікке дейінгі аймақты алып жатқан су.
"Оңтүстік мұхитты ғалымдар бұрыннан таныды, бірақ халықаралық деңгейде ешқашан келісім болмағандықтан, біз оны ешқашан ресми түрде мойындамадық", - дейді Ұлттық Географиялық қоғамның географы Алекс Тейт.Ғалымдардың пікірінше, мұхиттың ерекшелігі көп. Оған қоса бұл басқа үш мұхитпен шектесіп жатқан жалғыз мұхит.