270
Ұлан Қонысбаев Роналдиньомен кездесті
Ұлан Қонысбаев Роналдиньомен кездесті
"Атырау" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев аты аңызға айналған бразилиялық Роналдиньомен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазіргі уақытта Қонысбаев Римде, мұнда ол ауыр жарақатын емдетіп жатыр. 7 маусымда Қытаймен жолдастық кездесудегі (1:0) бірінші таймда футболшының аяғы сынған болатын. Ол стадионнан тікелей Далян ауруханасына жеткізіліп, ота жасалған еді.
Бірнеше күннен кейін Қытай дәрігерлерінің Қонысбаевқа жұқпалы ауру жұқтырғаны белгілі болды. Ол содан кейін Римдегі Villa Stuart емханасына жіберілген болатын. Италия астанасында Қонысбаев Роналдиньомен кездесіпті.
"Әлем футболының аңызымен кешкі ас ішіп жатырмын", - деп жазды Қонысбаев Instagram желісінде атақты футболшымен түскен суретін салып. Бірақ ол кездесудің қандай жағдайда болғанын атап өтпеді.
36 жастағы Роналдиньо ПСЖ, "Барселона", "Милан" командаларында ойнаған. 2002 жылы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионатын жеңіп алды. 2004-2005 жылдары ол ФИФА тұжырымы бойынша әлемнің үздік ойыншысы болды, ал 2005 жылы France Footbal журналынан "Алтын доп" иеленді. "Барселонаның" құрамында Роналдиньо Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатын жеңіп алған.
2015 жылдың қыркүйегінде Роналдиньо "Флуминенсе" командасынан кетіп, қазіргі уақытқа дейін бос агент. Осы жазда ол Үндістанда футзалдан коммерциялық чемпионатқа қатысқан еді.