397
Төтенше жағдай жариялануы мүмкін: Қызылорда облысында да қуаңшылықтан мал қырылып жатыр
Төтенше жағдай жариялануы мүмкін: Қызылорда облысында да қуаңшылықтан мал қырылып жатыр
Қызылорда облысында мал азығының болмауы мен қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Бұл туралы Арал ауданының әкімдігі ұсыныс жасады. Онда 500-ге жуық мал қырылды, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.
Жануарлардың өлекселері сараптамаға жіберілді, ал қалғандарын аман алып қалу үшін жергілікті билік азық-түлікті арзан бағамен жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Аймақ басшылығы тексеру нәтижелерін күтіп отыр. Төтенше жағдайды жариялау үшін әртүрлі органдардың келісімін алу керек.