1300
Сумо күресі
Сумо күресі
Сумо – жапонның дәстүрлі спорт түрі. Онда екі балуан бірін-бірі шеңберден итеріп шығарады.
Сумо – Жапонияда III-VI ғасырларда кең таралған. Алғашқы сумо туралы деректер VII-VIII ғасырларға жатады. 2500 жыл бұрын Такэмикадзучи мен Такэминаката құдайлары Жапон аралдарына иелік ету құқығы үшін сумо дохёсінде шайқасқандығы айтылады. Такэмикадзучи жекпе-жекте жеңіске жетті. Сумо күресі туралы тағы бір деректі «Нихон Шоки» кітабынан кездеседі. 720 жыл бойы жүргізіліп келеді.
«Сумо» сөзі жапонның «сумафу» етістігінен шыққан (күшті өлшеу үшін). Осы етістіктен «сумах» деген зат есім қалыптасты, жүздеген жылдар өткеннен кейін ол «сумаи», содан кейін «сумо» сөзіне айналды.
2018 жылғы сәуірдегі есеп бойынша барлығы 46 хейа бар. Бөлменің басында оның иесі «аға ояката», немесе «сисё» тұрады, оның қол астында кіші жаттықтырушылар – «ояката», балуандар мен техникалық қызметкерлер бар. Хея сондай-ақ «токояма» шаштараздарына, «ёбидаси» қызметшілеріне және «гёдзи» төрешілеріне жатады.
Хея «итимон» деп аталатын бірнеше топқа біріктірілген. Аймақтарға енбеген жекелеген хейлер бар. Дегенмен, толыққанды өмір сүру үшін, олар, біреуімен ынтымақтастық жасауы тиіс. Итимондар Сумо қауымдастығына бірігеді. Олардың мақсаты – жарыстарды ұйымдастыру, жаттығулар, төрешілік, атақтар беру, қаржылық қызмет және т.б. Бұл органдарда ояката (жаттықтырушы) жұмыс істейді. Қауымдастықты сайланған президент басқарады. 2018 жылғы сәуір айында Ояката Хаккаку президент болып сайланды.
[caption id="attachment_148295" align="alignnone" width="356"] Ояката Хаккаку[/caption]
Сумо күресінің ережелері
Жекпе-жек 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 3 минут, 16 және одан жоғары жастағы балуандар үшін 5 минутта өтеді. Егер берілген уақытта жеңімпаз анықталмаса, екінші жекпе-жекке шақырылады. Сумо жекпе-жегі қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін гёдзинің (төрешінің) бұйрығымен басталады. Гёдзи жарақат алуына, киімдегі тәртіпсіздікке (мавашиге) байланысты немесе қатысушының еркінен тыс кез келген басқа себептерімен жекпе-жекті бір немесе бірнеше рет тоқтатуға міндетті. Кездесу нәтижесін анықтаған төреші: «Себу атта!» - деп, жеңімпазды жекпе-жекті бастаған доохоға (шығыс немесе батыс) қарай бағыттайды.Сумо алаңы
[caption id="attachment_148296" align="alignnone" width="800"] Кәсіби сумо күресінің алаңы (дохе)[/caption] Сумо жарыстары 7,27 метрлік арнайы шаршы алаңда өткізіледі. Оны дохё деп атайды. Алаңның 2 түрі бар: Мори-дохё – биіктігі 34-60 см болатын алаң (балшық). Хира-дохё – морий-дохё болмаған жағдайда жаттығу мен жарыста қолданылатын арнайы кілем. Алаң периметрі бойынша күріш сабанының арқанымен қоршалған және диаметрі 4,55 метр болатын шеңбер. Шеңбердің ортасында бір-бірінен 70 сантиметр қашықтықта ұзындығы 80 сантиметр болатын 2 сызық (сикирисэн) орналасқан.Балуанның арнайы киім кешегі
Сумо балуандарының белін байланған арнайы белдемше маваши ғана болады. Мавашидің ені 40 см, ал оның ұзындығын спортшының денесіне 4-5 рет орауға болатындай жеткілікті етіп алады. Спортшыларға қарсыласын жарақаттауы мүмкін заттарды (сақиналар, білезіктер, тізбектер және т.б.) алып жүруге тыйым салынады. Балуанның денесі таза және құрғақ, ал қол мен аяқтың тырнақтары қысқа болуы керек. Сонымен қатар сумо күресінде Макүүчи, Жүрёо, Макүшита, Санданмэ, Жонидан қатарлы бес сатыдан тұрады. Бұл бес дәрежеден өткен баулан Озеки (арыстан) атағына ие боладын. Ал егер төрт рет жеңімпаз болса, ёкузона атағы беріледі. [caption id="attachment_148297" align="alignnone" width="700"] Соңғы ёкузона атағын иеленген сумошылар[/caption]