Владимир Путин Асқар Маминді марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей Президентінің тиісті жарлығы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер – министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен наградталсын»,-делінген жарлықта.

Back to top button