190
Сот Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты
Сот Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты
Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова алқабилер соты Муртузали Меджидовты ақтағанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz оның Instagram аккаунтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оның айтуынша, Дағыстанның экс-премьерінің ұлын тап сол сот залында босатып жіберген
Ертең үкім жарияланады.
Жанна Ахметованың айтуынша, Никулин аудандық сотының судьясы Дубков айыпталушы Муртузали Меджидовті анық қолдайды. Сонымен қатар, Томирис Байсафаның өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі бар деген куәгерлердің сөзіне сүйеніп отыр.