"Біраз жыл жыл бұрын, естеріңізде болса, Алматыда субұрқақтан паразиттік ауру өршіген болатын. Сондықтан Жасыл экономика басқармасына субұрқақтардың жанына шомылуға болмайтындығы туралы ескерту белгілерінің қойылуы, сондай-ақ субұрқақтарды апта сайын дезинфекциялау міндеттелді. Субұрқақтардың жұмысы бақылауға алынды. Орталық демалыс саябағында орналасқан субұрқақтар мен тұман тәрізді әсер беретін субұрқақтарда шектеулер болады. Пандемия кезінде мұндай субұрқақтардың жұмысы тоқтатылады", - деп түсіндірді ол. "Балалар үйір келетін тұман тәрізді субұрқақтар және ыстық ауа-райы, ылғал - барлығы коронавирус инфекциясының таралуы үшін өте қолайлы жағдай, тек КВИ ғана емес, сонымен қатар басқа инфекциялар, соның ішінде паразиттік аурулар үшін де қолайы орта", - деді ол.
Жандарбек Бекшин: Субұрқақ індетті өршітуі мүмкін

Жандарбек Бекшин: Субұрқақ індетті өршітуі мүмкін
Алматыда Қоғамдық орындардағы субұрқақтардың жұмысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.