Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып мерт қылды

Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып мерт қылды

Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып мерт қылды
ашық дереккөзі
290
Нұр-Сұлтанда зейнеткерді автобус қағып мерт қылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ПД-ға сілтеме жасап.
Бүгін сағат 11:25-те маршруттық автобустың 32 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен Сейфуллин көшесіне қарай өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарынан 73 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Факті бойынша анықтау жүргізіледі. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет, деп мәлімдеді қаланың ПД.
Зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары