383
Астаналықтардың төлемеген айыппұлы - 2 миллиард теңгеден астам
Астаналықтардың төлемеген айыппұлы - 2 миллиард теңгеден астам
Астана тұрғындары төлемей жүрген айыппұл қарыздары миллиард теңгеден асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана қалалық ІІД-нің Әкімшілік тәжірибе басқармасының басшысы Тахир Абдурахмновтың мәліметінше, осы жылдың тоғыз айында айыппұл ретінде жалпы сомасы 2 231 443 916 теңге салынған.
"Астана ІІД 2016 жылы тоғыз айдың ішінде 303 мың 181 әкімшілік заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде 293 мың 294 әкімшілік істер бойынша жалпы айыппұл мөлшері 2 миллиард 231 миллион 443 мың 916 теңгені құраған. Оның ішінде 925 миллион 576 мың 121 теңге өндірілген. Айыппұлды өндіру - 41,4 пайыз", - деді Тахир Абдурахмнов.
Осыған дейін Астана полицейлері қандай жол ережелері жиі бұзылатынын айтқан. Астана қалалық ІІД мәліметінше, Астана жүргізушілері көбінде қауіпсіздік белбеулерін тақпайды және жылдамдықты мөлшеріне асыра жүргізеді.