1178
Қуаңшылық: Маңғыстау облысындағы мәселені реттеуге бюджеттен 200 миллион теңге бөлінеді
Қуаңшылық: Маңғыстау облысындағы мәселені реттеуге бюджеттен 200 миллион теңге бөлінеді
Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешу үшін өңір қазынасынан 200 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, шілде айынан бастап 5 ауданға азық сатып алынады.
«Келесі айдан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 5 ауданына 2200 тонна азық сатып алынады. Бөлінген қаржы «Каспий«ӘКК арқылы игеріледі. Ал көрші өңірлердің жекеменшік иелері 15 маусымнан бастап шөп жеткізуге дайын», - деді Серік Қалдығұлов.Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, шаруа қожалықтары үшін жем-шөп дайындау науқаны жедел басталды. Аймақ әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жем-шөп жеткізу, сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысының аудандарымен келісімдер бар. Олар – Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір аудандары. Бұған дейін Маңғыстау облысында қуаңшылықтан мал жаппай қырылып жатқаны туралы хабарланған еді.