Теңге бағамы көтерілді

Теңге бағамы көтерілді

Теңге бағамы көтерілді
ашық дереккөзі
217
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 11 қазандағы таңғы саудасында долларына 330,37 теңгеге тең болды. Еске салайық, 10 қазандағы күндізгі сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 332,35 теңгеге тең еді. Таңғы саудадағы бірінші келісім 330,5 теңгемен аяқталды. Минималдық құны - 330,25 теңге. Максималдық құны 330,7 теңгеге жетті. Сауда көлемі 25,6 миллион долларға тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 10.39 жағдайында ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 53.06 доллар болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 330-332 теңге аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, осыған дейін теңгенің әлі де әлсіреуі мүмкін екені айтылған еді. "BRB Invest" ЖШС директоры Ғалым Құсайыновтың пікірінше, теңгенің осылайша әлсіреуіне мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Оның айтуынша, мұнай бағасы бір аптадан бері түсіп кетті. Сондықтан ол теңгенің әлсіреуіне қатты әсерін тигізуде. Ал экономист Тимур Әбілқасымовтың айтуынша, ұлттық валютаның әлсіреуіне рубль бағамы мен мұнай бағасының төмендеуі ықпал етіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары