iPhone шығаратын зауыт өртенді

Қытайда Foxconn Technology Group-қа тиесілі iPhone шығаратын зауытта алапат өрт болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер ғимараттағы ондаған метрге көтерілген жалынды ғана емес, жарылыстарды да естіген. Зауыт Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Шэнчжэн қаласында орналасқан.

Foxconn өрттің тез өшірілгенін хабарлады, қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Компания өкілдері төтенше жағдай салдарынан адамдар мен өндіріс зардап шекпегенін айтты.

Shenzhen Guanlan Foxconn – Apple-дың бүкіл әлемдегі сатып алушылар үшін iPhone-ның алғашқы модельдерінен бастап Phone 12-ге дейін шығаратын маңызды өндірістік базасы. Зауытта 100 мыңнан аса адам еңбек етеді.

Back to top button