Ең үлкен iPhone-ның дизайны пайда болды

Tianfeng International сарапшысы Мин-Чи Куо iPhone-ның ықтимал 8-дюймді иілгіш экраны туралы мәлімдеді.

Аталған модель Apple жиынтығында 2023 жылы шығады деп күтілуде. Қазір желіде ең үлкен iPhone-ның болуы мүмкін жаңа дизайны пайда болды.

Бұл модельдің iOS-тың бейімделген, яғни иілгіш экранның барлық артықшылығын ашатын нұсқасын алатыны белгілі. Apple компаниясы Corning компаниясымен бірлесіп иілгіш дисплейге арналған өте берік қорғаныс әйнегін жетілдіруді қолға алып отыр. Бұл экранның иілген жеріндегі қатпарды тегістеуге мүмкіндік береді.

Back to top button