346
Депутат блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды
Депутат блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды
Депутаттар заңсыз бизнесті жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мәжіліс депутаты Юрий Ли қаржы пирамидасының жарнамасына блогерлер мен вайнерлер қатысқанын айтты.
– Енді вайнерлер, блогерлер және басқа да танымал адамдар заңсыз бизнеске инвестиция салуды жарнамалағаны үшін жауапқа тартылатын болады. Бұл қоғам қайраткерлері, біз тергеу жүріп жатқан кезде олардың аттарын атамаймыз, «тәуекелсіз инвестициялар»үшін жоғары кірістерді уәде еткен қаржы пирамидасының жарнамасына белсенді қатысты, – деді ол Мәжіліс отырысында.Оның айтуынша, интернет жұлдыздар өздері де пирамиданың құрбаны болдық деп хабарлаған.
– Қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейі, тез ақша табуға деген ұмтылыс азаматтарды мұндай арандатушылыққа жиі итермелейтіні анық. Олардың көпшілігі тіпті «тәуекелсіз инвестиция» деп аталатын несиелер алып, артынан банктер мен әкімдіктердің алдында несиені есептен шығарсын деп шу шығарады. Мұндай жағдайды біз өткен жылдың желтоқсанында Шымкенттегі қаржы пирамидаларына қатысты тағы бір резонанстық жағдайдан байқадық, – деп қосты Ли.Депутат Бас прокуратурадан блогерлердің болашақта жауапқа тартылатын-тартылмайтынын көпшілікке жария етуді сұрады.