Жергілікті деңгейде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі төрағалығымен арнайы штаб құрылып, қазіргі таңда штаб Ақтөбе облысына іссапармен жолданған болатын. Іссапардың басты мақсаты – екі облыс арасында жем-шөп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар жергілікті шаруа қожалықтарына Ақтөбе облысынан уақытша жайылымдыққа жер бөлу. Жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, тиісті механизмге сәйкес, жұмыстар бөлінуде, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі басшысы Аслан Сүйебаев.
Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған
Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 3 айда 1400 бас мал қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл өңірде жаңбыр жоқ, шөп шықпады. Соның салдарынан шаруалар мал азығын қымбатқа сатып алып жатыр. Басқа өңірлерден тасымалданатын жем-шөптің бағасы да шарықтап шыға келген. Бір қап кебек – 2000, бір рулон шөп 16 000 теңгеге жетті. Құдықтағы жер асты сулары да тартыла бастаған. Осыған байланысты фермерлер аймақтағы жағдайға ерекше назар аударуды сұрайды.