«Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын», – делінген құттықтауда.Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, табыс тіледі.
Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасына жазды.