232
Дәрігерлер Шарын шатқалындағы селден аман қалған қыздың жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Шарын шатқалындағы селден аман қалған қыздың жағдайы туралы айтты
Алматыдағы балалар ауруханасының дәрігерлері Шарын шатқалындағы селден аман қалған 11 жастағы оқушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"11 жастағы қызды ТЖМ қызметі біздің клиниканың шұғыл қабылдау бөліміне жеткізді. Қабылдау бөлмесінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Бала нейрохирургия бөлімшесіне жабық бассүйек-ми жарақаты, аяқ-қолдың бірнеше рет жарақаттануы, ауырлығы орташа дәрежедегі гипотермия диагнозымен емдеуге жатқызылды. Бүгінде жағдайы тұрақты, бала хаттама бойынша ем алып жатыр", - деді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.Дәрігердің айтуынша, қыздың психологиялық жағдайы тұрақты. Әйтсе де психологтар оқушымен жеке жұмыс істейтін болады.