311
QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар тізіміне енгізу қарастырылады
QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар тізіміне енгізу қарастырылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуске QazVac вакцинасы өткен алдын ала клиникалық сынақтың нәтижесін хабарлады.
Вакцинаның тиімділігі – 96%. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің айтуынша, бейінді органдар ДДСҰ вакцинаны мақұлдау үшін жұмыс істеп жатыр.
Гебрейесус өз кезегінде ұйым QazVac-ты төтенше жағдайларда пайдалану үшін ДДҰ ұсынған вакциналар тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.