Франциядағы қазақ дизайнер: «Түркістанды» әлемдік брендке айналдырғым келеді

Франциядағы қазақ дизайнер: «Түркістанды» әлемдік брендке айналдырғым келеді

Франциядағы қазақ дизайнер: «Түркістанды» әлемдік брендке айналдырғым келеді
ашық дереккөзі
52037
Қазір Түркістан өте қарқынды дамып келе жатыр. Түркістан атауы түр­кі халықтарының ілім-білім, рухани бағдаршамы ғана емес, ма­териалдық тұрғыда да брендке айналып келеді. Осы атаумен шетелден шы­ғатын киімдер коллекциясы да үлкен сұранысқа ие. Соңғы уақытта жиі жарнамаланып жүрген «Түркістан» этностиліндегі киімдер кол­лек­циясын әзірлеуші Мәди Сыпатаев – Marino Madi сәнді киімдер брендінің негізін қалаған сәнгер. Ол тіккен киімдерді қазақстандықтардан бөлек, еуропалықтар, әсіресе француздар көптеп сатып алады. Тіпті, «Түркістан» коллекциясындағы киімдерді Монако Премьер-министрінің өзі ұнатып, сатып алған. Қазір Францияның Ницца қаласында тұратын Мәди алдағы уақытта Қазақстанда дүкендер мен өндіріс орындарын ашқысы келеді. Өткен аптада Алматыға жұмыс бабымен келген оған хабарласып, әңгі­ме­лескен едік. [caption id="attachment_147347" align="alignleft" width="370"] width= Жұмыс барысында[/caption] – Сән әлеміне бет бұрғанға дейін құ­ры­лыс саласында жұмыс істепсіз. Білуімше, дизайнердің оқуын оқы­мап­сыз. Десек те шетелде жеке брендіңізді сәтті дамытып отырғаныңызға қарап, ди­зайнер дипломыңыз болмаса да, бала кез­ден әуесқой дизайнер болып, тал­ға­мыңыз қалыптасқан болар деп ой түйіп отырмын. Солай ма? – Дәл солай. Негізі, мен Алматыда ма­те­матиктер жанұясында дүниеге келдім. Сол себепті жастайымнан есеп-қисапқа әуес бо­лып, республикалық физика-математика мек­тебінде оқыдым, кейіннен Алматы мем­лекеттік университетінде қаржыгер ма­мандығы бойынша білім алдым. Еңбек жо­лымды Алматыда шай сатумен айналысатын фирмадан бастадым, онда бір жарым жылдай жеткізуші менеджер болып жұмыс істедім. Сосын «Стройкомплект» құрылыс фир­ма­сы­на жұмысқа тұрып, онда менеджерден дирек­тор­дың орынбасары лауазымына дейін көте­рілдім. Ол жерде бес жыл жұмыс істеген соң, жеке кәсіппен айналысуды ұйғардым. Сөйтіп, 2003 жылы «Адиана Групп» құрылыс фир­масын ашып, спорт ғимараттарын салу, құрылыс техникаларын сату және деко­ра­тивті материалдар жасаумен айналыстым. Ком­панияның Қазақстан бойынша фи­лиал­дары ашылды, жаңылыспасам, қарама­ғы­мыз­да жүз елуге жуық адам еңбек етті. Негізі, ди­­­зайнердің оқуын оқымасам да, бұл салаға бала кезден қызыққаным рас. Тіпті, мектепте бас­тауыш сыныптан бастап ерекше киінгенді ұнататынмын. Түрлі шаш үлгісін жасап, небір әшекейлер тағып жүретініме сыныптастарым куә. Есейе келе мұнымен кәсіби түрде ай­на­лысайын десем, бірде қол тимесе, бірде қара­жат жетпейтін. Сөйтіп, Ниццаға қоныс ау­дар­ғалы бері өз талғамыма сүйеніп, түрлі киім­дер тігуді қолға алдым.  width= – Әдетте дизайнерлер сән әлемінің ас­танасы – Парижде жұмыс істеуді мақ­сат тұтады. Ал сіздің дәл Ницца қала­сы­на тұрақтауыңызға не себеп? –«Стройкомплектте» жұмыс істеп жүр­генде өмірімде бірінші рет ұшаққа мініп, Ниц­ца қаласына іссапарға бардым. Бас­шы­лық бояу түрлерін зерттеп, қайсысы тиімді еке­нін білу мақсатында мені арнайы сонда жі­берген болатын. Ол кезде жиырма жас­та­мын. Шетелге бірінші рет шығып тұрған соң, Ницца қаласы көңіліме өте жақты. Кейін жеке кәсібімді ашқан соң, Еуропа, Орта Азия елдері мен Қытайды көп араладым. Бірақ әлем­нің ешбір қаласы Ницца секілді әсер қал­дырмады. Кейін декоративті бұйымдар әзір­леу ісіне көп көңіл бөліп, нәтижесінде Мәс­кеу, Прага қалаларында филиалдар аш­тық. Еуропа нарығына шыққан соң, мұнымен тыңғылықты айналысу мақсатында Прагаға көштім. Сол кезде Ниццаға жұмыспен жиі ба­­рып тұратынмын. Сосын отбасыммен ақыл­­­даса келе, жоғарыда айтып өткенімдей, бұл қала маған қатты ұнағандықтан, 2014 жы­лы кәсібімді дәл осы Ниццада жүргізуді ұйғардым. Сөйтіп, 2015 жылы бұған дейін айналысқан барлық кәсіпті қойып, Marino Madi деген сауда маркасымен жеке фирма аш­тым. 2016 жылы алғаш рет коллекция әзір­леп шығардық. –Сән индустриясындағы қада­мыңызды теңіз стиліндегі киімдер тігу­ден бастаған сіз соңғы кезде қазақы на­қыштағы киімдер коллекциясын көп­теп шығарып жүрсіз. Елден біреу қол­қа салды ма, әлде өзіңіз арнайы әзір­ледіңіз бе?  width= – Иә, әу баста тек теңіз стиліндегі киім­дерді тігумен айналыстым. Жалпы, өзім теңіз­ді жақсы көремін. Кішкене кезімде Жюль Верннің кітаптарын оқып, теңізшілер мен саяхатшылар туралы мәлімет біліп, олардың киімдерін елестететінмін. Киім тігуді шындап қолға алған уақытта Ницца қа­ласына көшкенім бар, оның үстіне бұл қала теңіз жағалауында орналасқан, сөйтіп, теңіз шабытыма шабыт қосып, барлығы дөп келе қалды. Тіпті, біздің брендтің атауын да теңізбен байланыстырып қойдым. Marino деген сөз француз тілінен аударғанда порт деген мағынаны білдіреді. Көп ұзамай өзім Қазақстан үшін арнайы коллекция әзірлегім кел­ді, сөйтіп бастапқыда Қазақ елі және Caspian Navy Forces деген атпен мини­коллек­ция әзірледік. Бұл киімдер елде қысқа мерзім ішінде сатылып кетті. Әдепкіде бұл кол­лекцияларымыз осыншалықты сұра­нысқа ие болады деп ойламадық. Негізі әр­мен қарай тек теңіз стиліндегі киімдерді тіге беремін деп ойлағанмын. Бірақ елдегі дүкен иелері «Қазақстан үшін тағы да кол­лекция әзірлеп шығарсаңшы» деп ұсыныс білдірді. Сөйтіп, Limited edition нұсқасымен қазақ­стан­дық­тарға арналған коллекцияны тұрақ­ты түрде шығара бастадық. Сосын 2018 жылы бұл тауар­ларды Еуропа нары­ғына шығару қадамы өз жемісін берді, өйткені Еу­ропа­да қазақ­тар көп тұра­ды, әрі еуро­па­лықтар да қазақы на­қыш­тағы киімдерге қы­зығады. [caption id="attachment_147339" align="alignnone" width="1024"] width= "Түркістан" коллекциясы[/caption] –Қазір коллек­цияңыз­дағы «Түр­кістан» этности­лін­де­гі киімдер үлкен сұранысқа ие екені белгілі. Мұндай стиль­дегі киімдер тігу идеясы қай­дан туындады? –Негізі, бұл жайын­да 2019 жы­лы ойлана баста­дым. Принт ар­қылы әзірленетін киім үлгісін бұ­рын­нан жаса­ғым келіп жүр­ген. Десек те киім­­­дерді қазақтың ою-өр­нектерімен безендіргім келген жоқ. Өйткені мұндай киімдер еуропалықтарға шектен тыс этникалық сипатқа ие болып көрінеді. Әрі мұны белгілі бір іс-шараға ғана киіп бармасаң, көшеде киіп жүре алмайсың. Қазақстанда мұндай киімдер сұраныста болғанымен, кеңседе қызмет ететіндер мұны жұмысқа кие алмайды. Сол себепті Қазақ­станға қатысы бар екенін білдіретін, бірақ тым артық кетпейтін принт іздестіре баста­дым. Бірде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи ке­сенесінің мозаикасын көргенде осы стиль­де киім тігу идеясы пайда болды.  width= Бірінші топтаманы сынақ ретінде жасап көрдім. Алға­шында кесененің сыртында қашалған өр­нек ішіндегі жазулардың не мағына біл­діретінінен хабарымыз аз болды. Сосын дін саласында жүргендер бұл мозаиканың ішінде куфи шрифтімен Алланың аты жазулы тұр­ғанын айтты. Олар мұндай стильде киім тігу­ге болатынын, бірақ бұл киіммен дәрет­хана­ға кіруге болмайтынын айтып түсіндірді. Сосын екінші топтама шыққан кезде ол жазудың орнына сауда маркамыздың атауын қойып шығаруды жөн санадық. Сөйтіп, «Түркістан» аз уақыттың ішінде футболкадан бөлек, пиджак, спорттық киім, күрткесі бар үлкен коллекцияға айналды. Жалпы, бұл коллекциядағы киімдер Қазақстаннан бөлек, Еуропада, әсіресе Францияда бірден сатылып кетті. Тіпті, француздар «Мынау жаңа үлгідегі киім ғой?!» деп қызыға бастап, өндірушінің кім екенін сұрастыра бастады. Негізінен, француздар қазақстандықтарға қарағанда киімнің сауда маркасына мән бермейді. Олар ал­дымен сапасы мен бағасына қарайды, көңіліне жағып тұрса, маркасына қарамай, сатып ала береді. Ал «Түркістан» коллекциясы са­тылымға жіберілген соң, «Мынадай стиль­дегі киімді кім тігеді?» деп сұрайтындар көп болды. Жалпы, Францияда киім тігумен ай­налысатын брендтер көп. Бұл елге Еуропа ел­дері былай тұрсын, Мексика, Африка, Қы­тай, Оңтүстік Американың дизайнерлері киім әкеліп сатады. Брендтердің көптігінен сатып алушылар киімді кімнің әзірлегеніне бас қатырмайды. Бірақ күтпеген жерден біз жайында сұрай бастаған соң, «Қазақстаннан боламыз» деп түсіндіріп, жан-жақты ақпарат бере бастадық.  width= Қазір бұл коллекциядағы киімдерді сатып алатын клиенттердің арасында үлкен шенділер де бар. Мысалы, Мо­нако Премьер-Министрі Серж Тель «Түр­кістан» коллекциясындағы киімдерді сатып алды. Мұндай стильдегі киімдердің өзіне ұнағанын айтқан ол Монако князі Альбер екін­шіге сыйлық ретінде сыйлауға бола ма деген ұсыныс білдірді. Сөйтіп, аталған кол­лекцияның тарихын, Қазақстанға қатысы бар екенін хатқа жазып, көмекшісі арқылы князьге жолдадық. Негізі, коллекциям арқылы Қазақстан туралы ақпарат беруім ке­рек екенін сеземін. Сән әлемінде жүрген соң, Қазақстанды құр сөзбен сипаттаудан гөрі, киім арқылы таныта алатын мүмкіндігім мол. Жалпы, мақтануды суқаным сүймейді. Әлдебіреулер «Қазақстанды киім арқылы танытып жүрсің» деп мақтап жатса, басқа тақырыпқа айналдырып жіберемін. Өйткені бұған көп басымдық жасағым келмейді. Тек шетелдіктердің бізді жапон, кәріс, қытай азаматымен шатастыратыны ұнамайды. Мұндайда «Біз туралы неге білмейді екен?» деп ашуға берілемін. Коллекциям арқылы сәл болса да Қазақстанды танытуды көздеге­нім­нің бір себебі де – осы. – Әлеуметтік желідегі парақшаңызда «Алдағы уақытта ІТ технологияның бо­ла­шағы зор ма, әлде фэшн индустрияда қалған дұрыс па, осыған бас қатырып жүрмін» деп жазыпсыз. Сонда келешекте жұмысыңызды ІТ саласымен байла­ныс­тырмақ ойыңыз бар ма?  width= – Иә, бұл ойды іштей пісіріп, қорытып жүр­геніме көп уақыт болды. Жаз кезінде суы­татын, қыста жылытатын, жарық жа­нып тұратын киімдер ойлап шығаруды ойл­ап жүрмін. Оған қоса, QR код немесе чип көмегімен ұялы телефон секілді бірнеше функ­цияны атқара алатын киім тігу де ойда бар. Сонымен қатар, ауа райына байланысты не­месе киген киімге байланысты түсі өз­ге­ретін киім тігу де жоспарда бар. Жалпы, 15-20 жыл­дан соң киім дизайны осы бағытқа қа­рай ауысып, көпшілік Кремний алқабын­дағы өнертапқыштармен байланыс орнатады деп ойлаймын. Соған ертерек қамдану үшін осы бастан дайындық жасау керек. Бұл – фир­маны дамытудың бір жолы. Ал екінші жо­лы – классикалық тәсіл бойынша Париж­де өтетін сән апталықтарына қатысу, беделді сәнгерлермен танысу, танымал журналдарға жарияланымдар шығаруға тырысу. Десек те, сән әлеміне енді-енді қадам басып жатқан­дықтан, болашағымыз жарқын болатынына кәміл сенемін. Ә дегенде бұл салаға бас сұқ­қан уақытта тіл білмегендіктен біраз қинал­дым. Киім тігуге қажетті заттарды қай дүкен­нен аларымды білмей әлек болғанмын, тіпті тапсырыс алудан бейхабар болғанмын. Осы бес жыл ішінде бұл кәсіпті дөңгелетеміз деп азды-көпті тәжірибе жинадым. [caption id="attachment_147340" align="alignnone" width="1024"] width= Отбасымен бірге[/caption] Ендігі кезекте бұл іске байыппен қарап, еуропалық фирма­лар­мен бәсекелес, олармен тереземіз тең болуға тырысып-бағудамын. Отбасылық кә­сіп болған соң, алдағы уақытта ұлым мен қы­зым бұл істі дөңгелетуге атсалысады деп ой­лаймын. Қазір он алты жастағы қызым ди­зайнердің оқуын оқығысы келеді, ал он төрт жастағы үлкен ұлым бизнесті басқаруды үйренгісі келеді. Сондықтан дизайн және мар­ке­тинг мамандықтарын өзім оқымасам да, болашақта осы салалар бойынша дипло­мы бар балаларым кәсібімізді дамытуға кө­мек­теседі деп сеніп отырмын. [caption id="attachment_147354" align="alignright" width="386"] width= "Түркістан" коллекциясы[/caption] – Былтыр Сенат төрағасы қызметін ат­қарған Дариға Назарбаеваның қаты­суы­мен өткен Парламент отырысына қатысып, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қа­тысты бірнеше ұсынысыңызды айтқаныңыз есі­мізде. Сол кезде Сенат төрағасы айтқаныңызды қолдап, қазақстандық әншілер мен спортшыларға, әсіресе Димаш Құдайберген арқылы отандық өнімдерді жарнамалауға ақша мен уақытты аямау керек екенін айтқан болатын... – Негізі, бұл отырысқа кездейсоқ ша­қыр­тыл­дым. Қазақстан сән апталығының жетек­шісі хабарласып, Сенатта жеңіл өнеркәсіп мәселелері туралы отырыс болатынын, оған депу­таттармен қатар, кәсіпкерлер қаты­саты­нын айтып, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген тәжірибеме сүйеніп отырып, өз ойым­ды ортаға салу туралы ұсыныс айтты. Дәл сол уақытта екі күннен соң өзім де жұ­мыс бабымен Алматыға барғалы жатқанмын. Сөйтіп, әуежайдан түсе сала бірден сол оты­рысқа барып қатыстым. Бұл отырыста көп нәрседен хабардар болдым. Негізі, мен оған дейін де елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында мәселелер бар екенін білетінмін, бірақ жағ­дайдың соншалық ушығып кеткенін білмеп­пін. Осыған орай өнеркәсіптің бұл түрін қалай көтерсек болады деп ортаға сауал тас­та­ған Дариға Назарбаеваға алдымен депу­таттар, сосын кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтты. Кәсіпкерлердің көбі проблемалық жағын айтқан соң, даму, жетілдіруге қатысты жағымды ойлар айтқаным дұрыс болар деп ойладым. Сол кезде елде жеңіл өнеркәсіпті да­мыту әбден мүмкін екенін, ол үшін мар­кетинг жүргізу мәселесін реттеу екенін, үкі­мет тек қаржы жағынан емес, сондай-ақ шет­елде өтетін көрмелерге, түрлі іс-шара­лар­ға қатысуға көмектесу керек екенін айттым. Бұдан бөлек, отандық өндірушілер әзірлейтін өнімді өзіміздің әртістер мен спортшылар арқылы әлемге танытуға болатынын айттым. Сол кезде Дариға Назарбаева бұл ұсынысым­ды қолдап, Қазақстан жұлдыздары бізді қол­дауға әзір екеніне сенім білдірген болатын.  width= – Сол кездесуде Димаш Құдайберген жә­не бірқатар спортшымен коллабора­ция әзірлеп жатқаныңызды айтқан едіңіз. Бүгінде қазақ мәдениетінің эле­мен­ті бар киімдеріңізді жарнамалауға қа­зақстандықтардың арасынан Ди­маш­тан басқа қолдау көрсетіп жатқандар бар ма? – Негізі Димашпен коллаборация жас­­ай­мыз деп ойлаған едік. Алайда, Димаштың біз­ден өзге де компаниялармен жасасқан ке­лісімшарттары жетерлік. Бізге бола бірне­ше компаниямен шартты бұзу оған оңай емес. Дегенмен қазір бұл жағдайды қалай ше­шуге болатыны қарастырылып жатыр. Ал спортшыларға келсек, әзірше кейбір спортшыларға коллекциядағы киімдерді сый­лық ретінде беріп жатырмыз. Спорт­шы­лардан бөлек, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетімен де ынтымақтастық орнату ойда болған. Бірақ бұл жоспар да іске аспай тұр. Негі­зі­нен, қазір біз «Түркістан» коллекция­сы­на басымдық беріп жатырмыз. Біз әзір­ле­ген киім үлгісін көргенде айнымай танитын брендке айналуды көздеймін. Сосын алдағы уақытта Қазақстанда дүкендерден бөлек, шағын өндіріс орындарын ашсам ба деймін. Бірте-бірте мұндай өндіріс орындарының филиалдарын Орта Азия елдерінде де ашуды мақсат етемін. Тағы бір айта кетерлігі, біз әзірлеп шығаратын киімдердің сапасы люкс болғандықтан, бағасы да қымбаттау.  width= Ал қарапайым халыққа қолжетімді болу үшін келесі жылы жастарға арналған екінші желі ашуды жоспарлап отырмын. Қазір киімді Италия мен Португалия фабрикаларында тіге­міз. Ал жастарға арналған киімдер желі­сін Қазақстан мен Түркия фабрикаларында тік­­тіру ойда бар. Осы ретте айта кетерлік жайт, байқап қарасам, Қазақстан жастары­ның Франция жастарынан бір айыр­ма­шылығы – біздің жастар өзгелерге көп елік­тейді екен. «Анау сияқты киінгім келеді», «Ана қыздың үстіндегі көйлекті сатып алғым келеді» дегенді жиі естимін. Қала берді, көп­шілігі әлеуметтік желі арқылы құрбысы қы­зыққан киімдерге тамсанып, тапсырыс беріп жүреді. Көшеге шықсаң да, барлығы бірдей киініп алғанын байқайсың. Бір-біріне осы­лай еліктей беретін болса, оларда талғам пай­да болмайды. Сөйтеді де, өзгенің талға­мына тәуелді болып қалады. Сол себепті тал­ғам­ды өзге біреулер немесе әлеуметтік же­лі­лер арқылы емес, жан дүниеңе сай қа­лып­тастырған абзал.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары