Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.

Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы 28 ақпанда Новосибирск қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасында бастаған.

2001-2006 жылдар аралығында Алматы қаласының прокуратурасында, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

2006 жылы Алматы қаласы прокурорының орынбасары, ал 2008 жылы бірінші орынбасары болыптағайындалды.

2013-2017 жылдары Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Back to top button