176
Маусым айында Қарағандыдан "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасы шығарылмақ
Маусым айында Қарағандыдан "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасы шығарылмақ
Қарағанды фармацевтикалық кешені маусым айында "Спутник V" вакцинасының 1,5 миллион дозасын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы кешен басшысы Сергей Барон мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, компания Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен вакцинаның 5 млн дозасын өндіру туралы келісімге қол қойды. Кешен басшысы бір серияда вакцинаның 150 мың дозасынан шығарылатынын атап өтті. Әр сериядан кейін санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуі қажет.
Айта кетейік, 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 1,991 миллион адам, екінші комопонентті — 923 мың адам алды.