Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға сыйлық таратылып жатыр

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған қала тұрғындары үшін арнайы акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, акция Алатау ауданының әкімдігі, аудандық медициналық ұйымдары, аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен өткен.

«Вакцина  алғаннан кейін тұрғындар лототронға келіп, арнайы шарларды алады, олардың ішінде сыйлықтың атауы көрсетілген. Тұрғындарға қолшатыр, дәптер, бөтелке, әмиян, сүлгі, флэш-дискі, шаш кептіргіш сияқты кішігірім сыйлықтармен қатар шаңсорғыш, микротолқынды пеш, ыдыс-аяқ жиынтығы сияқты қомақты сыйлықтар да таратылды», – деп хабарлады әкімдіктен. Акция бүгін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін болды.

Back to top button