18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?
ашық дереккөзі
  • 1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды;
  • 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның Халық жазушысы" куәлігін және төсбелгісін табыс етті;
  • 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 мамырдағы №745 қаулысына сәйкес «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» РМК құрылды;
  • 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті;
  • 2006 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы "Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге" атты жаңа кітап жарық көрді;
  • 2011 жылы Шымкентте салтанатты түрде Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды;
  • 2012 жылы Ұлттық банк құны 2012 жылғы дизайны өзгертілген 10 000 теңгелік банкнотаның айналымға шығарылуы туралы хабарлады.
  • 2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев актер, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек ері" атағын табыс етті.