Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды
ашық дереккөзі
266
Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары. Вирустың репродуктивті индексі-0,98.
"Қоймалар мен медициналық мекемелерде вакцинала жеткілікті. Бұл қор үнемі толықтырылып отырады. Вакцина егу кесте бойынша жүргізіледі. Сондықтан өңірлерде вакцинамен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды.
"Әсіресе, денсаулық сақтау министрлігі вакцина компоненттері арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұрағына жауап беруі керек. Сондай-ақ, шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыру қажет", - деп атап өтті Премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары