Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы болады: Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Орал - Ресей шекарасы (Саратов), Орал-Ресей шекарасы (Самара), Ресей шекарасы (Орынбор) - Ақтөбе, Щучинск - Петропавл, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Қапшағай - Талдықорған, Қарабұтақ - Қызылорда, Ақтөбе - Орал, Атырау - Бейнеу - Өзбекстан шекарасы, Ақтау - Бейнеу, Қостанай-Ресей шекарасы (Троицк), Нұр-Сұлтан - Қостанай, Павлодар-Ресей шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан - Павлодар, Павлодар - Семей-Қалбатау. Жол жүру үшін ақы төлеу автожолдың техникалық санатына байланысты жүргізілетін болады. I техникалық санаттағы жол үшін барлық көлік, II және III техникалық санаттағы жол бойынша жүру үшін - тек жүк көліктері төлейтін болады.
Жүктелуде...