«Риддер қаласында өрттің пайда болу фактісі бойынша күдікті ұсталды, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы екінші бөлігі санкциясына жататын іс-әрекетті (отты ұқыпсыз қолдану) жасады деген күдікке ілінді», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.Күдікті туралы ақпарат және басқа да дерек пен мәлімет әзірге жарияланбайды.
Риддердегі өрт: Тілсіз жаудың тұтануына себеп болуы мүмкін күдікті анықталды

Риддердегі өрт: Тілсіз жаудың тұтануына себеп болуы мүмкін күдікті анықталды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 35 үй, 9 ғимарат өртеніп, бір адамның денесі табылды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер қаласындағы алапат өрттің тұтануына себепкер болуы мүмкін күдіктіні анықтағанын хабарлады, деп жазды Aikyn.kz.