Қостанайда травматология пунктінің дәрігерін соққыға жыққан азаматқа қатысты сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23.50-де Қостанай қаласындағы аурухананың травматологиялық пунктіне 26 жастағы ер адам жеткізілген. «Ер адамның білегі кесілген. Дәрігердің қабылдауында ол агрессия көрсетіп, дәрігерге соққы жасаған. Сосын полицейлер келгенше науқас оқиға орнынан қашып кеткен», – деп атап өтті баспасөз қызметінен. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары «Денсаулық орташа дәрежедегі қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Жүктелуде...