279
Келесі аптада жасөспірімдерге арналған вакцина мақұлдануы мүмкін
Келесі аптада жасөспірімдерге арналған вакцина мақұлдануы мүмкін
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) келесі аптада 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer және BioNTech вакцинасын қолдануды мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы The New York Times хабарлайды.
Pfizer вакцинасын жасөспірімдерге салуға рұқсат жақын арада берілуі мүмкін, деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Pfizer және BioNTech 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге жасаған COVID-19 вакцинасының клиникалық сынақ нәтижелерін жариялады. Олар жасөспірімдер үшін вакцинаның тиімділігі 100% деп хабарлаған, сонымен қатар компаниялар жасөспірімдерге арналған вакцинаның қауіпсіздігі туралы қорытындыға келді.