Флорида штатында індетке байланысты барлық шектеу күшін жойды

Флорида штатында індетке байланысты барлық шектеу күшін жойды

Флорида штатында індетке байланысты барлық шектеу күшін жойды
ашық дереккөзі

Флорида губернаторы Рон Десантис штатта коронавирусқа байланысты енгізілген барлық шектеуді алып тастайтын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС NBC телеарнасына сілтеме жасап.

"Егер кім-де кім індетпен күресу кезіндегі бақылау шараларын қажет деп санаса, онда вакцинаның тиімділігіне сенбегені", - деді әкім. АҚШ-та коронавирусқа байланысты шектеулерді енгізу немесе алып тастау туралы шешімді штат билігі қабылдайды. Вакцина  алушылар көбейген сайын, ел біртіндеп қалыпты жағдайға орала бастаған. Өткен аптада Нью-Йорк қаласының мэрі Билл Де Блазио да 1 шілдеге дейін қаланың барлық кәсіпорынын толығымен ашу жоспарланғаны туралы айтты. Бұған дейін Техас, Миссисипи, Вайоминг және Мэриленд маска режимінен және инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар қауіпсіздік шараларынан бас тартқан. Федералды аурулардың алдын алу және бақылау орталықтарының (CPKZ) мәліметтері бойынша, американдықтардың шамамен 30%-ы толығымен вакцина алған, 43%-дан астамы вакцинаның алғашқы компонентін салдырған.