Байқоңырда індетке байланысты шектеуге қарамастан жеңіс күні тойланбақ

Байқоңырда індетке байланысты шектеуге қарамастан жеңіс күні тойланбақ

Байқоңырда індетке байланысты шектеуге қарамастан жеңіс күні тойланбақ
ашық дереккөзі
213
Байқоңыр қаласында карантин шектеулеріне қарамастан 7 және 9 мамырда мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қала әкімшілігінің БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімі мәлімдеді.
В. И. Ленин және Жеңіс саябағында "Георгий лентасы" акциясы өтеді. Сонымен қатар, 9 мамыр күні Шубников саябағында митинг және Жеңістің 75 жылдығына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі басталады, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Сондай-ақ, қалалық саябақта концерт ұйымдастырылып, әскери дала асханаларында дайындалған ботқа таратылады. Естеріңізге сала кетейік, 30 сәуірде Байқоңыр кешенінің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин коронавирус бойынша шектеу шараларының режимін 17 мамырға дейін ұзартқан болатын.

Серіктес жаңалықтары