Президенттің “имиджін” бұзбау үшін: Түркіменстанда кезекке тұруға тыйым салынды

Президенттің “имиджін” бұзбау үшін: Түркіменстанда кезекке тұруға тыйым салынды

Президенттің “имиджін” бұзбау үшін: Түркіменстанда кезекке тұруға тыйым салынды
ашық дереккөзі
413
Түркіменстанда президенттің “имиджін” бұзбау үшін азық-түлік алуға кезекке тұруға тыйым салынды, - деп хабарлайды azathabar.com. Тыйым президенттің ұлы (және елдің вице-премьерінің орынбасары) Сердар Бердімұхамедовтың бұйрығымен енгізілді. Ол дүкендердің айналасында немесе алдында адам жиналмауын талап етті. "Себебі қаумалаған адамдар тобы президент әкенің имиджін бұзады". Жергілікті тұрғындардың айтуынша, егер дүкенде 4-тен астам адам жиналса, полиция қамауға аламын деп қорқыта бастайды. Енді халық азық-түлік сатып алу үшін алдын ала дүкенге тіркеліп, кезегі келгенін хабарлайтын қоңырауды күтуі керек.

Серіктес жаңалықтары