Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
191
Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Aport-қа бомба қойылды деп жатыр, адамдар эвакуацияланды", - дейді куәгерлер.
Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді.
"23 сәуірде шамамен сағат 10.00-де Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Aport сауда және ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл қызмет тексеру және іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде де мина қойылды деген ақпарат тараған.

Серіктес жаңалықтары