Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды
ашық дереккөзі
Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр халде «Атамекен» медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметімен ауыстырылған. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.
52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы мен өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Бұған қоса пациент өздігінен демала алмағандықтан, аппаратқа қосылған. Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, интоксикациялық синдром, тромбоциттің төмен болуы сынды асқынулар болған.
Науқасқа дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсеткен. Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырған. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Өздігінен тыныс алады. Тыныс алу жиілігі жақсарған дейді дәрігерлер. Дәрігерлер денсаулығы жақсарған азаматты бір-екі күнде ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.