791
Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап
Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап
- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе?
- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық тегін.
- Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме және қандай қызметтерді тегін алуға болады?
- 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:
- тісті жансыздандыру және жұлу;
- пломба салу;
- абсцесстерді ашу;
- пульпит, периодонтитті емдеу;
- гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;
- ерін мен тілдің пластикасы;
- рентгенография;
- ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі болған кезде.
Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қормен келісім шарт жасасқан болуы тиіс.
- Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?
- Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда беріледі, егер