"Тұрғын үйлерді бұзуға тура келеді". Алматыда жаңа экологиялық орталық салынбақ
Алматыда экологиялық инновациялар орталығын салу үшін "Қазақфильм" студиясының жанындағы тұрғын үй алабын бұзу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
⠀
[caption id="attachment_144388" align="alignnone" width="1080"]

Сурет @almaty_news Instagram парақшасынан алынды[/caption]
Үйлерді бұзуға тура келетіні әкімдіктің презентациясында көрсетілген.
⠀
Алматы әкімдігінің деректері бойынша, экологиялық инновациялар орталығында экологияның өзекті мәселелері қаралады, көрме, білім беру және зерттеу жұмыстары да жүзеге асырылады.
[caption id="attachment_144387" align="alignnone" width="1080"]

Сурет @almaty_news Instagram парақшасынан алынды[/caption]
Әкімдік сондай-ақ Алматыдағы жаңа жасыл желекті аймақтардың эскиздерін таныстырды.